jasqazaq.kz

Бақытбек Есентаев түрмеде жазасын қалай өтеп жатыр?

06 шiлде 2017, 16:33

Продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі Бақытбек Есентаев түрмеде жазасын қалай өтеп жатыр? Оның өмірі қалай өзгерді? Ол БАҚ алдында сұхбат беруге дайын ба? Бұл жөнінде тілшілер біліп қайтты.

Түрмеде күн тәртібі минутына дейін есептелген, деп хабарлайды 31 арна.

Жазасын өтеушілер таңертеңтен тұрып жаттығу жасап, таңғы ас ішеді. Осыдан соң оларды жұмысқа жібереді. Ал, жұмыс істегісі келмейтіндер немесе жұмыс істеуге жарамайтындар отрядда қалады. Солардың ішінде Бақытбек Есентаев та бар.

«Бақытбек Есентаев бір жылдан бері жазасын өтеп жатыр. Ол отрядта қалатындардың қатарында. Қазір бізде бос жұмыс орындары жоқ», – дейді ЛА 155/8 қатаң жүйедегі түзеу мекемесінің орынбасары Әлихан Молдыбаев.

Бақытбек Есентаевтың өзі тілшілермен кездеспейтінін айтып, өзін камераға түсіруге рұқсат берген жоқ. Мекеме қызметкерлері Есентаевтың өзін салмақты ұстайтынын айтты. Оған екі қызы Айару мен Айсәуле жиі келіп тұрады екен.

Түрмедегілерге өз жеке бизнесін ашуға болады. Мұнда асхана ашып, кәсібін жүргізіп жатқандар бар. Мұнда дәмді тағамдар дайындайды. Ал, тамақ жасай алмайтындар шеберлік орындарға барады. Олар ағаштан түрлі заттар ойып жасайды. Ол үшін айына 14 мыңнан жоғары ақша алады.

Ал, Бақытбек Есентаевтың мұндай кәсіп ашуға ниеті жоқ секілді.

Есте болса, өткен жылдың қарашасында Бақытбек Есентаевқа қатысты сот үкімі шықты. Баян Есентаеваны соққыға жығып, оған қатысты зорлық-зомбылық әрекеттер қолданғаны үшін Бақытбек Есентаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан кейін Есентаев өзінің кінәлі емес екенін айтып, аппеляциялық шағым түсірді. Баян Есентаева да сотқа бұрынғы күйеуінің жазасын қайта қарау туралы өтініш білдірді. Одан бөлек, қазақстандықтар Бақытбек Есентаевтың жазасын жеңілдету үшін петиция ұйымдастырды. Дегенмен көптің талпынысы нәтижесіз қалды.

stan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда