«Жігіттер» квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желідегі парақшасында қазақтың сүйікті әртісі Тұңғышбай Жаманқұловты жақтап, жазба қалдырды. Актердің кеше берген сұхбаты түрткі болса керек бұған.
«Я, Алла! Ақты — ақ, қараны — қара деп ажыратып берші! Адамдар неге пенде екенін ұмытып, түзу бола қалады? Кім қателеспей жатыр? Кім жемей жатыр? Өмір бойы өнерге шын қызмет етіп, жетпіске таяғанда 69 млн тағдырын талқан етпекші ме? Жазғыштарым — ай, жазыңдар енді… Біреудің купальнигі мен табысын санап, бірінің байын, бірінің қатынын санап, белден төмен өсек жазып. Шынын жазыңдар! Ел ағасы жайлы жазыңдар, ақиқат іздеңдер, сенсация жасаңдар! Ашығын xалық білсін! Расын да кінәлі болса, 69 млн доллар емес қой, теңге. Өнерді бағалайтын қалталы азаматтар болса, көбірек шығарсын, қалғаны шамасына қарасын. Расын да қарыз болса алсын. Теріс болса Қияметте есеп қыларсыздар. Елдігің қайда, бірлігің қайда? Ағаның шәкірттері қайдасыздар? Ес білер жауапты біреуіңіз қолға алыңыз. Есеп шот ашыңыз! Қарап қалмаңыздар! «Ақ жүніс» журналын немесе интерненттен тауып оқыңыздар. Тақырып түсінікті болу үшін. Елбасымен Әділ сотқа ғана үмітті, аға! Сот әділетсіз болса ше? Ақталуына ат салысып, 70 — жылдық тойын атап өтейік! Алла сол күнді нәсіп етсін!»-деп жазған.