jasqazaq.kz

Бағдат Сәмединова: Қайрат пен Димашты салыстырып не ұтамыз?

03 маусым 2017, 11:10

Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайберген. Халық артисі Бибигүл Төлегенова қазақтың маңдайына біткен қос әншінің бірін көкке, бірін жерге теңеді. Ал халық болса, қос әншіні салыстырудың өзін үлкен қателікке балайды. Олардың арасында танымал жұлдыз Бағдат Сәмединова да бар.

Бұл туралы 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтылды.

Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекованың мұндай салыстыруларға еті үйренген. Себебі, Қайрат үлкен сахнаға шыққалы бері оны біреулер танымал әнші Мейрамбек Беспаевқа теңесе, енді біреулер Ернар Айдар мен Төреғали Төреәлимен талай салыстырған. Күні кеше ғана қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованың сынына ұшыраған Қайраттың анасы жауап берді.

“Халық шешеді. Бірақ, «жерге» теңеп жатыр ғой, жер басып өмір сүріп жүрміз. Аса ренжіген жоқпыз. Қайрат Димаш бола алмайды, Димаш Қайрат бола алмайды”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Тіпті, желілерде кейбіреулер Бибигүлдің сынын өздерінің пайдасына асырып жатқандар да бар көрінеді. Белгісіз біреу Қайраттың жары ретінде Жұлдыз Әбдукәрімова деп таныстырып, көпшілікке инстаграм желісі арқылы жауап беріп жүрген сыңайлы. Әншінің суреттерін салып, пікірлер жазып қалдырып жүр. Алайда, Гүлзира Айдарбекова өзінің келінінің мұндай қадамға бармайтынын және еш уақытта инстаграм желісін ашпаған айтып ағынан жарылды.

“Жұлдыз мүлдем инстаграм желісін ашпаған”, – дейді продюсер.

Әнші, ҚР Еңбек сіңірген артисі Бағдат Сәмидинова Қайрат Нұртасқа танымалдылық, елдің қошаметі, атақ-даңқ та тек еңбектің арқасында келді десе, ал Димашқа зор дауысты Алланың оған берген сыйы деп түсінеді. Тіпті, екеуін салыстырудың өзі ұят деген пікірде. Бағдат ханым осыдан бірнеше жыл бұрын Димаш ән сайысына қатысқан кезде шоу-бизнесте жүрген өнер адамдарының дұрыс бағаламағанын айтып, тіпті оларды сынап та тастады.

“Салыстырып не ұтамыз. Өздері аннан-мыннан қашқандар жиналып алып, Димашты сынады. Өздері кім екен? Өздерінің еңбегі сіңбеген адамдарды жинап алып, олар дұрыс баға бермеді”, – дейді Бағдат Сәмединова.

Дегенмен, Димаштың бүгінде елдің сөзіне құлақ асуға шамасы жоқ. Себебі, 27 маусымда Астанада “EXPO-2017” көрмесі аясында өтетін “Бастау” атты жеке концертіне қызу дайындалып жатыр. “Астана арена” алаңына жиналатын көрерменге Димаш тек жаңа әндерін ұсынбақ.

 

stan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда