Ирак астанасы Бағдадта екі жарылыс болды. Бұл туралы Al Sumaria телеарнасы хабарлады. Ақпараттарға сәйкес, лаңкестік актілер тұрғындарының дені шейіттерден құралған Бағдадтың оңтүстігіндегі Абу-Дашир кварталында болды. Жарылыс құрылғысы орнатылған алғашқы көлік полиция учаскесіне жақын жерде жарылды, екіншісі — қауіпсіздік күштерінің тексеру пункті маңында. Салдарынан 13 адам ажал құшып, 18-і зардап шекті. Жұма күні жарылғыш заттар қойылған көлікке мінген жанкештілер оңтүстіктегі Басра провинциясында екі жарылыс жасады. Лаңкестік шабуылдар провинцияның солтүстігі мен оңтүстігіндегі қауіпсіздік күштеріне қарсы жасалды. Соңғы мәліметтер бойынша, жеті адам қаза тауып, тағы 15-і жарақаттанды.