jasqazaq.kz

Бөтен тойларға барып, ұрлық жасап жүрген ер адам ұсталды

17 мамыр 2017, 12:01

Алматы қаласы Медеу аудандық ІІБ қызметкерлері әлеуметтік желілерде бір адамның тойларға барып, қонақтардың ұялы телефонын ұрлап кетіп жүр делінген хабарламаны тексерді.

«Жедел-іздестіру шарасын жүргізу барысында Оңтүстік Қазақстан облысының 1983 жылғы тумасы ұсталды. Ер адам шын мәнінде той өтіп жатқан мейрамханаларға барып жүрген. Ол көбінде үйлену тойларына барып, уақытын көңілді өткізіп қана қоймай, заңсыз баюмен айналысқан. Құдалардың тарапынан келгендей болып, ер адам ұялы телефондарды алып кетіп жүрген. Біздің аудан бойынша мұндай эпизодтардың саны қазіргі уақытта — 7», — деп хабарлады Медеу аудандық ІІБ басшысы полиция полковнигі Есен Ысқақов. Осылайша, бұл азаматтың әрекетінде ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабында қарастырылған қылмыс белгілері бар. Яғни бірнеше мәрте мүлік тонау. Осы әрекетіне заңда жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар, фигурант Астанадағы тойларда да ұялы телефон ұрлығына қатысы бар болуы мүмкін екені айтылып отыр. «Нұсқалардың бірі бойынша, ер адам Астанадағы той қонақтарын ұрлаған кезде видеоға түсіп қалған. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 128-бабының тәртібінде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп нақтылады Ысқақов.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда