Батыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірінде жылқы тиелген жүк көлігі өртеніп кетті.
Жүк көлігінде қанша сәйгүлік болғаны белгісіз, алайда, виедоны түсірушілер сөзіне қарағанда төрт сәугүлік тірідей үйітіліп қалған. Төтенше жағдай 25 мамырда Жаңақала тасжолында болған. Батыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аталған дерек қайғылы оқиға ретінде тіркелген және оны аудандық ІІБ қызметкерлері тергеп жатыр. Жүк көлігінің кабинасы жүріп келе жатып өртенген, осы кезде кузовта бірнеше жылқы болған. Олар көлікпен бірге тірідей өртеніп кеткен. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Видеодағы адамның сөзінше, жүк көлігі сәйгүліктерді жарыстан кейін алып келе жатқан. Жүйкесі нашар адамдарға көрмеуге кеңес береміз!