jasqazaq.kz

«Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл мәдениеті» республикалық семинар-тренингі өтеді

28 тамыз 2017, 16:04

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен «Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК үстіміздегі жылғы 15 қыркүйекте «Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл мәдениеті» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өткізеді.

Ақпараттық қоғамда БАҚ өкілдері төртінші билік қызметін атқарады. Билік пен бұқара арасындағы байланыс пен елдің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуын насихаттау журналистердің басты міндеті. Сонымен қатар қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуі мен оны дамытуда да БАҚ өкілдерінің маңызы зор.

Семинар-тренингтің мақсаты: БАҚ өкілдерінің қазақ тіліндегі сөздік қорын жетілдіріп, сөз саптауын, тіл мәдениетін түзетуге арналады.

Сесминар барысында кәсіби мамандар дәріс оқып, бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тілде ақпарат таратуы, соның ішінде тіл нормасының сақталуы, сөйлеу мәдениеті, терминдердің ретті қолданылу мәселелері бойынша шеберлік сабақтарын көрсетіп, практикалық тапсырмалар беріледі.

Шараға тіл білімі және журналистика саласының білікті мамандарымен қатар телеарна, радио, газет, сайт тілшілері мен СММ менеджерлер қатысады.

Семинар-тренинг қатысушыларына сертификат табысталады.

Астана қаласы 2017 жылғы 15 қыркүйек

Өтетін орны: Достық 8/1 ForteBank конференция залы

Басталуы: сағат 10:00

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті