Жамбыл облысының полицейлері екі көлік жүргізушілерінің бір-біріне қарсылық көрсетіп, жарысқаны түсірілген видеоны зерттеп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жүргізушілердің соңынан жүріп бара жатқан куәгерлердің осы сәтті видеоға түсіріп алған. Видеода екі иномарка жүргізушілерінің — Mercedes пен BMW жүргізушілерінің бір-біріне жол бермей тұрғаны көрінеді. Онымен қоса, олар бір-бірін бірнеше рет соғады. Кейбір қолданушылар бұл видеоның Алматы облысындағы Қаскелеңде түсірілгенін айтады. Әлеуметтік желі қолданушылары осы видеоға қатысты түрлі пікірлер жазып жатыр. Жүргізушілер бір-біріне жол берді ме немесе әрі қарай қарсылық көрсетіп тұрды ма — белгісіз. Алматы облыстық ІІД өкілдері көліктегі мемлекеттік нөмірдің Жамбыл облысына тиесілі екенін хабарлады. Сондықтан олар бұл видеоға қатысты ешқандай түсінік бермеді. Ал Жамбыл облысының полицейлері видеоны тексеріп жатқандарын хабарлады.