Ресейлік ТНТ арнасындағы “Где логика?” жобасының жүргізушісі, танымал квн ойыншысы Азамат Мұсағалиев шығармашылығы, өмірі туралы айтып берді.
“Мен қанша жерден Ресейде тусам да, қазақпын. Мен үлкен қазақи ортада өстім және атам мен әжем кішкентайымнан мені ұлттық дәстүрмен тәрбиеледі. Қазақ тілін де жақсы білемін. Бірақ, жұмыс кестем тығыз болғандықтан Қазақстанға жиі келіп тұрамын деп айта алмаймын. Тіпті отбасымның өзіне уақытта әрең табамын”, – дейді ол.
Ол өзінің сондай-ақ, бала күнінде кім болуды армандағанын да айтты.
“Анам менің офисте жұмыс істегенімді қалады. Ал әкем дәрігер болсаң дейтін. Ақыры мен әкемнің қолы жетпеген арманын орындайын деп медициналық академияға түстім. Бірақ, анам қарсы болып, мен инженер-эколог деген мамандықты таңдадым. Ал “Интерны” сериалында дәрігердің рөлін ойнаған кезімде “Сенің арманың ақыры орындалды” деп айтты”, – дейді актер.