Қазақ жұртының ашуына тиетін өзгеше той турлы сюжетті жергілікті телеарналардың бірі көрсетіпті. Онда қазақ қызын әйелдікке алған қытай жігітінің бақытты бейнесін көруге болады. Соңынан қалыңдық қазақша, ал қазақы тақия киіп алған күйеу жігіт қытайша сұхбат берген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Бейнекөріністерге қарағанда той иесі қытайдағы қандастарымыздың бірі сияқты. Бұл оқиғаны Қытай телеарналары жарыса насихаттап жатыр. Мұны әлеуметтік желіден көрген қазақтар көрші елдің жымысқы саясатын бірден ұқты. Мұны онсызда жұтылып кетудің аз-ақ алдында тұрған сырттағы қандастарымызға төнген тағы бір қауіп деп қабылдаса, енді бірі бұл Қазақстандағы қазақ қыздарына қыз тапай жүрген ханзулардың бетін бұру деп бағалады.