jasqazaq.kz

Қазақ қызы қарсыласын бірінші раундта жарыс жолынан тайдырды

25 қыркүйек 2017, 10:41

Қазақ қызы Балауса Мұздиман кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізіп, қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаудпен ұтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Балауса Мұздиман осыдан біраз уақыт бұрын кәсіпқой боксқа ауысқан болатын. Көп ұзамай ол АҚШ-тың Монро қаласында алғашқы жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын бірінші раундта ауыр соққыларының астына алып, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. Отандасымыз жергілікті боксшы Кэмри Максимен қолғап түйістірген болатын. Бұл Максидің де шаршы алаңға бірінші рет шығуы. Өкінішке қарай ол қазақ қызының соққысына шыдас бермей, жеңілістің ащы дәмін татты. Айта кетейік, Балауса Мұздиман қазақстандық қыздар арасында кәсіпқой бокспен айналысқан екінші аруымыз. Осыған дейін кәсіби рингке Фируза Шәріпова ауысып, көрермен көз айымына айналып үлгерген еді. Ол соңғы жекпе-жегінде Астанада болгар қызы Милена Колеваны жеңіп жеңіл салмақта WIBA және WBU тұжырымдары бойынша чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда