jasqazaq.kz

Қазақтың құрты мен ірімшігі шетелдік ғарышкерлердің ас мәзіріне кіреді

05 маусым 2017, 16:08

«Дастархан-6» сынағы ғарышта сәтті өткен. Қазақтың құрты мен ірімшігін қазір шетелдіктер пайдаланады, дейді қазақтың үшінші ғарышкері, халық қаһарманы Айдын Айымбетов.

«Ғарышқа ұшу кезінде 18 ғылыми тәжірибе жүргізілді. Қазірде пайдалануға енгізілгендердің ішінде ерекшесі — «Дастархан-6″ тәжірибесі. Бұл дәрумен қоспасы бар азық-түлік халықаралық ғарыш станциясының экипажына арнаған», — деді Айдын Айымбетов мәжілісте өткен үкімет сағатында. Оның айтуынша, қазіргі уақытта өзге жобалардың нәтижелерін өңдеу үшін қаржы керек. Өз кезегінде вице-спикер Гүлмира Есімбаева ғарышкерден «бұл азық-түлік өнімдерін басқа ғарыш экипаждары пайдалана ма?» деп сұрады. «Дәл солай! Оларға, әсіресе, біздің ірімшік, құрт сияқты кальций көп тамақтарымыз ұнады», — деді Айдын Айымбетов. Айта кетейік, Айымбетов ғарышқа 2015 жылы қыркүйекте ұшты. Ол ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған ғарышкерді президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алған еді. Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағын берілді.

sputniknews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда