Канаданың Торонто қаласында таңғажайып оқиға болды. Жол апатынан қаза тапқан жүкті әйелді жерлеу кезінде табытта қыз бала дүниеге келді.
Басылымның мәліметінше, әйел көлігімен ауруханаға кетіп бара жатқанда рөлге ие болмай жол апатына ұшыраған. Келіншек жүктіліктің жетінші айында болған. Дәрігерлер ананың да, іштегі баланың да қаза тапқанын айтады. Әйелдің денесі мәйітханада 17 сағат, кейін тағы алты сағат үйде жатқан. Жерлеу рәсімі келесі күні өткен.
Табытты қабірге түсірерде сәбидің жылаған дауысы естіледі. Жерлеу бюросының қызметкерлері дереу табытты қайта ашқан кезде ішінде жатқан нәрестені көрген. Дәрігерлер қыздың қалай тірі қалғанын әлі де түсіндіре алмай дал. Қазір анасы көз жұмғаннан кейін 23 сағаттан соң дүниеге келген қыз ауруханада жатыр.