Қазақстан премьер-лигасының жалпы нарықтық құны 112 030 000 еуроны құрады.
Transfermarkt.de деректеріне сәйкес, Қазақстан премьер-лигасындағы 12 команда сапында 323 ойыншы тіркелген болса, оның 103-і шетелдік ойыншылар. Футболшылардың орташа жасы — 27,5. Жаңартылған деректерде, еліміздің ең қымбат футбол клубтарының тізімін алматылық «Қайрат» (20 680 000 еуро) пен ел чемпиондары «Астана» (17 200 000 еуро) командалары бастап тұр. Ал премьер-лига УЕФА-ның бес жылдық рейтингінде 15.250 ұпаймен 29-шы орыннан көрінді. Оның жалпы нарықтық құны 112 миллион 30 мың еуроны құрады. Лиганың ең қымбат ойыншысы 3 миллион еуро жалақы алатын сербиялық футболшы Неманья Максимович. Айта кетейік, Неманья Максимович 2015 жылдан бастап Астана сапында өнер көрсетті. Сербиялық 1 шілдеден бастап Валенсияға қосылып испаниялық LaLiga-да өнер көрсетеді.