Қазақстандық кәсіби боксшы Фируза Шәріпова Мәскеуде өткен жекпе-жекте кезекті рет жеңіске жетті. Бұл туралы Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
22 жастағы Фируза Мәскеу төрінде 30 жастағы ресейлік Ольга Забавинамен жұдырықтасты. Он раундқа жоспарланған кездесуде Фирузаның басымдығы бірден байқалды.
Жойқын соққыларының арқасында ол қарсыласын үшінші раунда нокдаунға жіберді. Ал төрешілер осыдан соң жекпе-жекті тоқтатқан.
Осылайша, қазақстандық боксшы қыз өз мансабындағы алтыншы кездесуін жеңіспен аяқтады.