jasqazaq.kz

Қазақстан қырғыздарға 100 млн долларға көмек көрсетеді

17 мамыр 2017, 13:07

Еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісім аясында Қазақстан қырғыздарға 100 млн долларға көмек көрсетеді.

Келісім 2014 жылғы 7 қарашада Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Жоғарғы мемлекетаралық кеңес отырысының аясында мемлекет басшылары берген тапсырмаға сәйкес әзірленген. Құжатқа 2016 жылғы 28 желтоқсанда қол қойылды. «Келісім нормаларына сәйкес, Қазақстан тарапы Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа интеграциясы процесіне жәрдемдесу мақсатында аталған елге 100 млн АҚШ долларына пара-пар көмек көрсетеді. Көмек қырғыз тарапына Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы жөніндегі «Жол карталарында» көзделген шараларды іске асыруға, атап айтқанда ЕАЭО кедендік шекарасының қырғыз учаскесінде кедендік инфрақұрылымды жақсартуға, Қырғызстанның санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық жүйелерін одақ талаптарымен сәйкестендіруге беріледі», — деп баяндады Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Оның атйуынша, көмек техникалық жәрдемдесу туралы үкіметаралық жекелеген хатталамаларға сәйкес, кезең-кезеңмен ақша, тауарлар, мамандарды оқыту түрінде берілетін болады.

«Кезекті көмек беру траншын қалыптастыру мақсатында Қырғызстан жағы іс-шаралар тізбесін, сонымен қатар көмектің негізділігін растайтын құжаттардың болуы туралы қорытындыны ұсынады. Ұсынылған көмектік мақсатқа сай және тиімді жұмсалуын бақылау бағытында Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңесі аясында бірлескен екіжақты тексеру комиссиясы құрылады. Тұтастай алғанда, мемлекеттік шекараның қазақ-қырғыз учаскесінде ветеринарлық бақылауды алып тастау болжамын ескерсек, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы сұлбасында қырғыз өткізу бекеттерін жарақтандыру үдерісіне барынша көмек көрсетуге Қазақстан мүдделі екенін айта кету керек», — деді Сүлейменов.

Оның сөзінше, бұл өз кезегінде Қазақстан аумағына көрші елден және ЕАЭО-ның басқа да елдерінен әкелінетін тауарлардың қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Sputnik Қазақстан

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда