jasqazaq.kz

Қазақстан Мысырдың Сыртқы істер министрлігіне ресми наразылық нотасын жіберді

01 тамыз 2017, 12:55

Қазақстан Мысырдың Сыртқы істер министрлігіне ресми наразылық нотасын жіберді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов айтты деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі.

«Каир қаласында Қазақстан азаматтарының жоғалып кеткеніне 12 күн болды. Қолда бар сенімді мәліметтер бойынша, 19-шілдеден 20-шілдеге қараған түні оларды Мысырдың арнайы қызмет сақшылары ұстап әкеткен», — дейді Әнуар Жайнақов. Студенттер ұсталғаннан кейін, олардың ата-аналарының өтініші бойынша Сыртқы істер министрлігі іздеу шараларын бастаған болатын. Алайда Әнуар Жайнақов: «Осы уақытқа дейін Мысыр тарапынан Қазақстан азаматтарының ұсталу себептерін, олардың қазір қайда екендігі туралы ресми мәлімет алған жоқпыз. Мысырдың Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен, құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірнеше рет болған күнделікті келіссөздер нәтиже берген жоқ. Таяуда Қазақстанның Мысырдағы елшісі Конституциялық соттың төрағасымен, Президенттің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісімен Қазақстан азаматтары төңірегіндегі ахуалды талқылады. Олардың азаматтарымыздың ұсталу мән-жайын анықтауда көмек көрсетеміз дегеніне уәдесіне қарамастан жағдай өзгерген жоқ.

Осыған орай Мысырдың Сыртқы істер министрлігіне ресми наразылық нотасы берілді. Осындай нота Қазақстандағы Мысырдың уақытша сенімді өкіліне де табыс етілді», — дейді. Сондай-ақ Мысырдың ресми билігінен Қазақстан азаматтарының ұсталу себептерін, мән-жайын түсіндіруін батыл түрде талап еткендіктерін айтты.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда