jasqazaq.kz

Қазақстан халқының саны 18 миллионға жуықтады

05 маусым 2017, 17:22

Қазақстан халқының саны 18 миллионға жуықтады. Мұндай деректі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті ұсынды.

«2017 жылғы 1 мамырда еліміздегі халық саны 17 994,2 мың адамды құрады. соның ішінде қалалықтар — 10 345,1 мың (57,5%), ауылдықтар — 7 649,1 мың адам. 2016 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 241,1 мың адамға немесе 1,4 процентке өсті», делінген комитет ақпаратында. Сонымен қатар, аталған ведомство мәліметінше, 2017 жылғы қаңтар-сәуірде 121,5 мың бала дүниеге келген. Бұл 2016 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 7,4 процентке кем. Ағымдағы жылдың 4 айында республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 9 мың адамға немесе 10,4 процентке кеміп, 77,2 мың адамды құрады. Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны — 44,3 мың адам. Бұл 2016 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 1,5 процентке кем.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда