jasqazaq.kz

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мен облыстық әкімдіктің жанындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Достық үйінде Астана күніне арналған Арт-бульвар ашылды

11 шiлде 2017, 15:01

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мен облыстық әкімдіктің жанындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Достық үйінде Астана күніне арналған Арт-бульвар ашылды.

Арт-бульварға келген жұрт назарына Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы халықтық декоративтік қолданбалы шығармашылық қауымдастығы шеберлері жасаған бұйымдар, балалардың шығармашылық мектебі оқушыларының суреттері, «Астана менің жүрегімде» атты фотокөрме, Елбасының өмірі мен қызметі, Астана қаласы жайында сыр шертетін кітаптар көрмесі ұсынылды. Әсіресе, балалардың балғын қаламынан туған Астана қаласына арналған суреттері сәтті шыққан. Мәдени шараның ашылу салтанатында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары Марал Жақыпова құттықтау сөз сөйлеп, Астана тәуелсіз елдің жасампаз жетістігі екенін атап өтті.
– Тәуелсіздік пен Астана мәңгілік ел ұлттық идеясындағы жеті тұғырдың ең біріншісі. Тәуелсіз елдің халқы Астананы мақтаныш тұтады. Өйткені, ол ел тәуелсіздігінің символы. Жылдан жылға еліміздің экономикасы дамып, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өткізілуі әлем елдерінің Қазақстанды танығанын дәлелдей түседі. Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында елімізде тұратын ұлт пен ұлыстар тату-тәтті өмір сүруде. Бейбіт елдің болашағы зор,–деді өз сөзінде Марал Жақыпова.
Бұдан кейін Достық үйінің би ұжымы би биледі. Ұлттық киімдер конкурсында сонау он үшінші ғасырдағы ұлт пен ұлыстардың киімдері көрсетілді. Жұрт «Астана менің жүрегімде» викторинасына қатысты. Конкурстардың жеңімпаздары Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының және «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің естелік сыйлықтарымен марапатталды. Мәдени шара аясында «Қазақстан инновациясы» қоғамдық қорының төрайымы Мәриям Әбішева «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналған әлеуметтік жарнама, «Greenword» эко пастерлер және «Бастама» әлеуметтік жобаларының облыстық байқауының жеңімпаздарын бағалы сыйлықтармен марапаттады.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда