Бірнеше күн бұрын инстаграмм әлеуметтік желісінде қырғыз жігітінің видеосы тараған болатын.
Онда әлде бір қырғыз жігіттерінің ауыл маңында жарысқа дайындалып жатқаны көрінеді. Камераға түсіріп тұрған айыр қалпақты ағайын «сайыс болатынын, оған өзбек, қазақ мазақ келетін көрінеді» деп ұлтқа тіл тигізеді.
Бұл оқиға қазақтардың ашу-ызасын туғызды, хабарлайды Caravan.kz сайты. Көпшілік намысқа тиетін ауыр сөз айтқан қырғыздардың жауап беруін талап етті. Тіпті бірқатар қазақ жігіттері әлгі қырғызды жекпе-жекке де шақырды.
Дегемен көп ұзамай аңдамай сөйлеген қырғыз жігіті қазақ халқынан кешірім сұрады. Ол өз сөзін жаман оймен айтпағанын тілге тиек еткен.