Жуырда Қайрат Нұртас Ресейдегі Муз-ТВ сыйлығының марапаттау кешіне қатысты. Әдетте тек қазақ тілінде сұхбат беретін Қайрат бұл жолы Дмитрий Нагиевке орысша жауап беріп, тыңдармандарын таңғалдырды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бұл ретте халықтың пікірі екіге бөлінді. Кейбіреулер Қайратты “орысша жақсы білмейді, сондықтан сұраққа дұрыс жауап бере алмады” деп айыптады. Ал екіншілер қазақ баласының өзге тілді білуі міндетті емес екенін айтып, Қайратты ақтап алып жатты.
Қайратты қолдағандардың қатарына торғайлық ақын Саят Әбенов те қосылды. Ол Қайратты сынағандарға өлеңмен жауап берді.