jasqazaq.kz

Автобуста жолаушыны «ойбайлатып» кететін ұры ұсталды (Видео)

22 қантар 2024, 11:02

Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаған азамат ұсталды. Алматы қалалық Полиция депортаменті хабарлағандай, қалта ұрысының ұрлық жасау сәті камераға түсіп қалған. Ол қоғамдық көліктегі жолаушының ұялы телефонын ұрлап, қылмыс үстінде ұсталды.
«Аялдамада ұрлық жасаған 44 жастағы күдікті ұсталды. Оның қылмыстық олжасы «Поко M5» маркалы ұялы телефоны болды. Ол оны әйелдің күртесінің қалтасынан ұрлап, оған 100 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген. Тергеудің осы кезеңінде ұсталған азаматтың осыған ұқсас 4 бөтеннің мүлкін ұрлауға қатыстылығы анықталды. Күдікті негізінен аялдамаларда, атап айтқанда қарбалас уақытта ұрлық жасап жүрген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды», — деді Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Әбдінұр Тасыбаев.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?