jasqazaq.kz

Автобус жүргізушісін соққыға жыққан ер адам ұсталды (видео)

19 қантар 2018, 11:06

Алматы қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі іздеу бөлімінің қызметкерлері қоғамдық көліктің жүргізушісін ұрған жеңіл көлік иесін тауып, ұстады, деп хабарлайды Алматы ІІД баспасөз қызметі.

Автобус жүргізушісін соққыға жыққан жігіт 2017 жылдың мамыр айында жол апатына ұшырап, тоғыз айға көлік жүргізу құқығынан айырылыпты. Оның іс-әрекетінде бірнеше құқықбұзушылық анықталды.

«ЖПҚ іздеу бөлімі қызметкерлері атқарған шаралар нәтижесінде, жеңіл көлік мінген 1985 жылғы Әбдіназаров Е. деген азамат ұсталып, жауапкершілікке тартылды. Оның іс-әрекетінде бірнеше әкімшілік құқықбұзушылық байқалады. Салдарынан азаматқа қатысты бірнеше бап бойынша хаттама толтырылды», — деп хабарлады Алматы ІІД баспасөз қызметінің ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.

Ұсталған тұлғаға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімішілік материал жинақталды. Деректер мамандандырылған сотқа жіберіледі. Ер адамға айыппұл салынып, он тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Көлігі айыппұл тұрағына қойылған.

Қоғамдық көлік жүргізушісінің соққыға жығылуы туралы видео Желіде 18 қаңтарда пайда болды. Оқиға куәгері болған жайтты баяндайды: арнайы бөлінген жолақпен келе жатқан автобус алдынан шыға келген жеңіл көлікті қағып кете жаздапты. Автомобиль иесі атып шығып, автобус жүргізушісін ұрған.

 

Здравствуйте! Выложите пожалуйста! Мы ехали на автобусе, Мало того, что мы чуть не попали в аварию из-за этого водителя легковушки, так он еще и разборку устроил. Аж, до сих пор трясёт от страха! Что за водители такие?! Автобусная линия ДЛЯ АВТОБУСОВ! Там не было никакого поворота! А водитель автобуса отвечает-то за народ, которого он везет! Естественно, он испугался, когда мы все в салоне полетели. Уважаемые водители, будьте аккуратнее и внимательнее! Дорога ошибок НЕ ПРОЩАЕТ! Человека из аула можно увезти, а вот аул из человека не вытащить. Взято у @zhest_kz Просим ДВД наказать водителя 797AFZ05 за создание аварийного ситуации 👆 #kris_p_almaty #kris_p_kz #almaty #Алматы #Казахстан #kz #🇰🇿 #иссык #капшагай #талгар #каскелен #узынагаш #грэс #ваз #жаркент #харгос #трасса #область #Кордай #талдыкорган #алакол #бишкек #астана

Публикация от @kris_p_almaty official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty)

sputniknews.kz

Бүгін, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
Бүгін, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
Бүгін, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады