jasqazaq.kz

«Автобус жүргізушісі дөңгелегінің желі шыққанын байқамаған» — автопарк директоры (видео)

26 шiлде 2017, 18:23

Қаскелеңдегі автопарк өкілдері №303 бағыттағы автобустың неліктен дөңгелегінің желі шығып кеткен күйде жолаушыларды тасымалдағанын түсіндіріп берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеодағы кадрлардан №303 автобустың бір жақ шетке қисайып бара жатқанын және артқы дөңгелегінің желі шығып кеткенін байқауға болады. «№303 автобус жолаушыларға лық толы болды. Адамдар автобуста отырса да артқы дөңгелектің желі шығып кеткенін байқамады. Адам тола болғандықтан солай келе жатқан шығар деп ойлайсың. Міне, осылай адамдардың, балалардың өміріне қауіп төндіріп жатыр!», — деп жазған қолданушылар әлеуметтік желілерде. Қаскелең автопаркінің өкілдері болса автобус жүргізушілерінің дөңгелектің желі шығып кеткенін байқамағанын айтып отыр. «Жүргізуші автобус дөңгелегінің желі шығып кеткенін байқамаған. Мұны тек соңында көрген. Ешқандай төтенше жағдай болмады. Бір жақта бұрыламын деп дөңгелекті соғып алған болар. Автобустың дөңгелектерін ауыстырдық, автобус қайта жолға шықты. Бригадирге ескерту жасалды», — деді «Қаскелең автобус паркі» ЖШС атқарушы директоры Асанбек Садыркұлов.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда