Ақтөбе облысында болған өрттен зардап шеккендер орта деңгейдегі күйік алған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен бес адам орта деңгейдегі күйік алған. 52 адам қаза тапты», — деп хабарлады Ақтөбе облысының ТЖД басшысының орынбасары Қайрат Қасым.
ТЖД Жедел-құтқару жасағының психологы Жансая Қазиеваның айтуынша, қазіргі уақытта зардап шеккендер Ақтөбеге жеткізіліп жатыр. Осыған дейін өртенген автобустың фото мен видеолары және аман қалғандардың аты-жөні жарияланған болатын. Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара — Шымкент тасжолының 1068 шақырымында Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген.