jasqazaq.kz

Авиаотын тапшылығы – жылына 300 мың тонна

19 желтоқсан 2023, 16:15

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында авиация саласын одан әрі дамыту мәселелері қаралды.
Биыл 16 халықаралық маршрут ашылды және қайта жанданды. Келесі жылы Куала-Лумпур, Сингапур, Токио және басқа қалаларға жаңа рейстер ашу жоспарланып отыр.
Оған қоса әуежайлардың инфрақұрылымы да қарқынды дамып келеді.
«Осы салаға келген жеке инвесторлар қазірдің өзінде әуежайларды дамытуға 2,1 млрд долларға жуық қаражат салды. Атап айтқанда, Алматыда перронды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ жүктерді өңдеу рәсімдерін жетілдіру шаралары қолға алынды. Шымкентте жаңа жолаушылар терминалының құрылысы аяқталуға жақын. Астанада БАӘ-ден келген компания ұшу-қону жолағын реконструкциялауды, карго-терминалын кеңейтуді жоспарлап отыр», — деді Үкімет басшысы.
Бұл салада шұғыл шешімдерді қажет ететін өзекті мәселелер жоқ емес. Негізгі мәселенің бірі – авиаотын тапшылығы, ол жылына шамамен 300 мың тоннаны құрайды. «Мәселені шешу үшін отын жеткізу каналдарын әртараптандырып, оны сақтауға арналған тиісті инфрақұрылымды дамыту қажет», — деді Премьер-Министр.
Сонымен қатар Үкімет басшысы әуежайларды дамыту да қосымша шараларды талап ететінін айтты. Атап айтқанда, әуежай инфрақұрылымын дамытып, жүктер мен жолаушыларды рәсімдеу процестерін толық автоматтандыру қажет.
«Бұл 2030 жылға қарай өңделетін жүк көлемін жылына 130 мың тоннадан 1 млн тоннаға дейін, ал жолаушылар ағынын 25 млн адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», — деді Әлихан Смайылов.
Тағы бір өзекті проблема – саланы кадрлармен қамтамасыз ету. Бүгінде ұшқыштар, инженерлер мен техникалық персоналдар жетіспейді.
«Рейстердің кешігуі де қалыпты әдетке айналып барады. Оған қолайсыз ауа райы ғана себепші емес. Сондықтан әуе компаниялары жолаушылар мен ұшақтарға қызмет көрсету сапасын жақсартып, әуе паркін кеңейтуі қажет», — деді Үкімет басшысы.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Премьер-Министр әуежайлар аумағында мультимодальды көлікті пайдалану мүмкіндігін беру мәселесін пысықтауды, транзиттік жүктерді рәсімдеуді жеңілдетіп, тиісті технологиялық процестерді оңтайландыруды тапсырды.
Премьер-Министр қажетті авиаотын көлемімен қамтамасыз ету шараларын қабылдау, оны сақтауға арналған тиісті инфрақұрылымды құру, сондай-ақ азаматтық авиация саласында мамандар даярлау үшін қосымша гранттар бөлуді қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?