«Өнер қырандары» әзіл-сықақ театры кезекті қойылымында тағылымды ойларды әзілмен жеткізуге тырысты.
Әзілқойлар ұжымының бұл жолғы қойылымының тақырыбы мұсылмандар үшін парыз – Оразадағы ауызашар рәсіміне арналды.
Оқиға бір отбасының ауызашарға дайындалып жатқан тұсынан өрбиді. Шариғатың талаптары мен дәстүрді байланыстыра отырып, ауыз бекіту, қонақ күту сияқты рәсімдерді жеңіл әзілмен сипаттаған қойылым көпшіліктің көңілінен шыққан сияқты.
Жиылған көрермен сәт сайын күлкіге қарық болып, сонымен қатар ризашылықпен қол соғады. Сонымен қатар, өнерпаздар күлдіре отырып, тағылымды ойларды да астарлап жеткізеді.