jasqazaq.kz

Ауылдастың аты озды

22 мамыр 2017, 17:54

   Құлагердің шабысын көрген бұл ел!

    

   

 Краснояр селосындағы «Құлагер» ипподромында «ЭКСПО–2017» халықаралық көрмесіне орайластырылған дүбірлі бәйге өткізілді. Бәйгеге барлығы алты қашықтық бойынша 54 жүйрік қатыстырылып, бағы мен бабын сынады.      

Аламан бәйгеде әп еткен бетте өзге дәмелі жүйріктерден оқ бойы озық отырған, үзеңгі қағыстырмаған, тіпті, арқан бойы жақындатпаған 8-ші нөмірлі «Спринт» атты жүйрік соңғы айналымда алғашқы қарқынынан жаңылды. Шамасы ат тізгінін ұстаған шабандоз тізгінді бірден босатып алған болуы керек. Шыға шаппа, тыз етпе жүйрік соңғы айналымға шейін бауырын жаза көсілгенімен, тез барлығып қалды.  Соңғы айналымда құйрық тістесе шауып, өкшелей ілескен «Варпед» атты жүйрік жақтан суырылған жебедей ытқып алға шығып, мәреге бірінші болып жетті. Көкшетаудың абыройын аспандатқан, астындағы жүйрігінің күш-қуатын мөлшерлеп жұмсап, жарыс жолында тізгінін сәл тартыңқырап ұстаған Артем Эленберг есімді шабандоз сөйтіп бірінші орынға ие болды. Ал, 10 шақырымдық тоқ бәйгеде Астана қаласының шабандозы Әлішер Рүстемов тізгіндеген жүйрік мәре сызығынан бірінші болып өтті. Құнан бәйгеде астаналық Евгений Чибисов жеңімпаз атанса, жорға жарыста да Астана қаласынан келген Есләм Уахитов есімді шабандоздың «Гамбит Ор» дейтін тұлпары топ жарды.

Жүлделі орындардан көрінген спортшылар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жер танабын қуырған жаратылысы бөлек, бабы мен бағы таразы басын тең басып жатқан шын тұлпарлар жарыс барысында көрерменнің айызын қандырып, көсіле бір шапты-ай келіп. Көптен бері тұлпарлардың тұяғы тимеген боз даланың бауыры дәл сол күні ер қанаты атты құлай сүйген көрерменнің атойлап дем берген, қиқулап ұран шақырған жанашырлық, жанкүйерлік даусымен тербеліп тұрғандай. Бәйге десе бәрін ұмытатын жылқы құмар жұрттың көңілін демдеген көңілді көрініс болды бұл.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда