Алматы облысының полицейлері үйінен қашып кеткен 14 жастағы қызды іздеп тапты.
Облыстық ІІД-нің мәліметінше, 8-сынып оқушысы 12 шілде күні Іргелі ауылында тұратын ата-анасынан қашып кеткен.
Жақындары өздері іздеп таба алмаған соғ 15 шілде күні полицияға арыз берген.
«Қыз осы уақытқа дейін Талғар ауданында жалдамалы пәтерде болған. Полицейлер оны түнгі клубтан тапты», – деп хабарлады ІІД-де.
Қыз аман сау күйінде ата-анасына табысталды.
Полицейлер жасөспірім қыздың үйінен осымен бірнеше рет қашып кеткенін анықтады. Қыз соңғы рет үйінен кеткенде хат жазып енді ешқашан оралмайтынын айтқан.