jasqazaq.kz

Ауылда Мейрамбек Бесбаевтың әнін айтып жүрген тракторист жұлдызға айналды (видео)

19 мамыр 2017, 18:04

 «Ел іші, өнер кеніші» деген осы ғой. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылында тұратын ерекше дарын иесі, танылмай жүрген талант Асылжан бір сәтте жұлдызға айналды.

«Нағыз таланттар ауылда жүр деген осы ғой. Кеше жолым түсіп Жаңақорған ауданы, Түгіскен деген ауылға барып едім. Жаңағы сөзге тағы бір көз жеткіздік. Ауылда қарапайым тракторшы болып жүрген Асылжан деген ағамыз екен бұл. 9 скоросты бар Беларус айдайтын Асекең алты шекті де азынатып тұр. Алматыда құрылыста жасап жүрген кезінде Республика Сарайында өткен «Наурыз Думан» атты концертте өнер де көрсеткен екен. Өнер жолын түбегейлі қумаса да, қара жұмыстан қолы босағанда гитарасын жаны сүйіп шертетін Асылжанды тыңдап көріңіздер. Сайқымазақ Сайлаубектен тұлға жасап жүрген сайтсымақтар, жарияласаңдар осындай тасадағы талантты жігіттердің өнерін жариялаңдаршы» — деп жазған болатын қызылордалық танымал жас ақын Мейірбек Сұлтанхан бір жыл бұрын.

Мейірбектің сөзін жерге тастамай, Юутувтағы арнамызға Асылжанның өнер көрсеткен қарапайым видеосын жүктеген болатынбыз.

Жақында ғана Асекеңнің жұлдызы жанған екен. Түгіскеннің түбінде жатқан тракторшы Асылжанды «Шаншар» театрының директоры Уәлибек Әбдірайым сахнаға алып шыққан.

Сөзден көрі істің адамы екені көрінген Асылжан қай тілде айт десе сол тілде ән шырқап, көрерменнің көңілін бір көтеріп тастады.

BAQ.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда