jasqazaq.kz

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдауға 52 миллиард теңге бөлінген

30 мамыр 2017, 14:56

Ауыл шаруашылығы кооперативін қолдауға 52 миллиард теңге бөлінген

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде үкіметтің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі «АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру» жайы бойынша ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрi Қайрат Айтуғанов баяндама жасады. Бұл туралы jasqazaq.kz тілшісі хабарлады.

«Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдау мақсатында 52 миллиард теңге, яғни Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы – 25 миллиард теңге және Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы негізінде 27 миллиард теңге бөлінді», — дейді вице-министр. Сондай-ақ тыңайтқыштарды қолдануға қатысты, элиталы тұқымдар мен мал шаруашылығы саласын субсидиялау механизмдерінде өзгерістер болатындығына байланысты әрқайсысына жеке-жеке тоқталды.

Қайрат Қапарұлының айтуынша, биылдан бастап отандық өндіріске бағытталған техника мен құрал-жабдықтарды субсидиялаудың әдістемесі өзгереді. «Айталық, бұған дейін шетелдік астық жинаушы бір комбайнға 30 миллион теңге берілсе, биылдан бастап бұл қаражатқа 3 астық жинаушы комбайн субсидияланады. Шетел техникасы да әдеттегіше субсидиялана береді. Алайда, олардың бағасының тым қымбат болуына байланысты қаржыландырылуы 5-7 пайыз деңгейінде болмақ. Ал отандық техника үшін 25 процент көмек берілмек», — деді Қайрат Айтуғанов.

 

 

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда