Бейнеу ауданындағы Төлеп кентінің әкімі ер адамды соққыға жығып, денсаулығына зиян келтірді. Бұл туралы “Лада” жазды.
Желіде тарап кеткен видеода Бейбіт есімді азаматтың басынан қатты жарақат алғанын көруге болады.
Әкімнен таяқ жеген ол 24 қаңтарда аудандық аурухананың травматология бөліміне түскен.
«Науқас ауруханаға жатқызылды. Ол басына соққы алған соң, миы шайқалған», — деді Бейнеу аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Берік Абдуллаев.
Басылымның хабарлауынша, ауыл әкімінің телефоны өшірулі. Құқық қорғау органы қызметкерлері пікір білдірмеген.