jasqazaq.kz

Әуежай жұмысшысы сақтау қоймасынан ұрлық жасаған (Видео)

12 сәуiр 2024, 10:23

Алматы қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері, Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен, Алматы – Дубай, Алматы – Прага және Алматы – Гонконг халықаралық бағыттары бойынша әуежайдағы уақытша сақтау қоймасы аумағында бөтеннің мүлкін бірнеше рет ұрлаумен айналысқан 29 жастағы азаматтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.
Polisia.kz хабарлағандай, ұсталған азамат әуежайдың уақытша сақтау қоймасында жүк тиеуші болып жұмыс істеп жүріп, осы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында жалпы сомасы 7 645 371 теңге құрайтын мүлікті ұрлаған.
Көлік полицейлерімен жедел тәртіпте ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуі барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен құқық бұзушы барлық ауыр фактілер бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

 

 

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?