jasqazaq.kz

Ауданда үш кооператив ашылады

24 маусым 2017, 14:30

Мемлекет басшысының ел халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылуда.

Қорғалжын аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Дінмұхамет Байсовтың айтуынша, биылғы жылы бұл өңірде үш ауыл шаруашылығы кооперативі ұйымдастырылмақ. Солардың бірі –Қараегін ауылында. Биыл жеке кәсіпкер Марат Әсенов осы ауылдың іргесіндегі 10,5 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар сіңірді. Ауыл шаруашылығы кооперативін ашу үшін мал бордақылау алаңы мен мал қораларын салды. Енді асыл тұқымды ірі қара сатып алуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер Жанболат Ибалиев Сабынды ауылында шағын тауарлы сүт фермасын ашуды қолға алды. Сүт бағытындағы ауыл шаруашылығы кооперативі Шалқар ауылында да ашылды. Кооператив

үшін «Қызылсай агро» серіктестігі Ресейден шағын сүт зауытын сатып алды. Ұйымдаса ұмтылудың арқасында ауыл тұрғындары өздерінің өндірген өнімдерін кооперацияларға өткізіп, тұрақты ақысын алып тұратын болады. Сондай-ақ, кооперация мүшелері қажетті тұқым қорымен, жемазықпен, жайылыммен қамтылады.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда