jasqazaq.kz

Ауған патшасына келін болған қазақ әжей АҚШ-тың қарттар үйінде тұрып жатыр (видео)

02 маусым 2017, 11:32

Өткен жүз жылдықтың 30-шы жылдарында Шу ауылынан АҚШ-қа қашуға мәжбүр болған 101 жастағы Әсия Сардарбек бүгінде Вирджиния штатындағы қарттар үйінде тұрып жатыр. Бұрынғыша қазақ тілінде сөйлейтін әже туған жерін сағынып жүр.

Әсия Сардарбектің Вирджинияда тұрып жатқанына қырық жылдан асты. Ол әкесімен бірге Кеңес билігінің қудалауымен елден кетуге мәжбүр болған. Кейуана әкесі Сардарбектің Шу ауылында бай әрі беделді адам болғанын есіне алды. Алайда коммунистер ауыл тұрғындарына жетіп келіп, олардың өмірінің астан-кестеңін шығарған. Аман қалу үшін шетел асқан Сардарбектің отбасына талай қиындықтарды еңсеруге тура келеді.

«Бастапқыда біз Түркістанға, кейін Ауғанстанға дейін бір-ақ жеттік. Сол жерде тұрақтап, әкем мені тұрмысқа берді», — деп есіне алды Әсия Сардарбек.

15 жастағы Әсияға хандық ұрпақтан шыққан өкілдер Надир мен Захир-шахтың көзі түскен. Сардарбек қызын ауған патшасы Захирдің мұрагері Әмір Мұхамедке тұрмысқа беруге мәжбүр болған.

«Анам он баланы дүниеге әкелді. Алайда бүгінде тек бесеуі тірі. Ол кезде жақсы тұратынбыз. Қызметшіміз болды… Анамды бәрі мейірімділігі үшін жақсы көретін. Бірақ бір күні елге кеңес әскері баса көктеді. Біз 13 адам болып Ауғанстаннан қашуға мәжбүр болдық», — деп оқиғаны баяндады Әсия Сардарбектің қызы Амина Амири Рахман.

1982 жылы патшаның отбасы мүшелері Әсия апамен бірге алдымен Түркияға, кейін Германия арқылы АҚШ-қа қашқан. Бүгінде Әсия Сардарбек Вирджиния штатының қарттар үйінде тұрады. Себебі, оған ерекше күтім қажет. Жергілікті билік оған құрмет көрсетіп, пәтер мен күтуші беріпті.

Бұл туралы NUR.KZ порталы «Алматы» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда