jasqazaq.kz

Атыраулықтар шымкенттіктерді «өзбектер» деп атағаны үшін таяқ жеді (видео)

21 тамыз 2017, 15:48

«Атырау» футбол клубының жанкүйерлері шымкенттіктердің ашуына тиді. Шымкентке келген оларды жергілікті тұрғындар соққының акстына алды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

INSTAGRAM желісіндегі @v_shymkente парақшасында атыраулықтар мен шымкенттік жанкүйерлердің әрекеті қызу талқыланып жатыр. Бұл оқиғаға «Атырау» футбол клубының ВКонтакте желісіндегі хабарландыруы себеп болыпты. Онда шымкенттік «Ордабасы» клубы мен атыраулық футболшылардың кезекті матчы Шымкентте өтетіні жарияланған. Хабарландырудың соңында жазылған «Өзбекстанға қонаққа барамыз» деген жазба шымкенттіктерге жақпай қалған. Жексенбі күні қос клубтың кездесуі өткен соң «Өзбекстан» деген жазуы үшін атыраулықтар соққыға жығылды. Бұл сәттің видеосын көрген желі қолданушылары соққыға жығылған қонақтардың өздерін кінәлап, Шымкент ешқандай да өзбек ұлтының мекені еместігін алға тартты. Айтпақшы, төбелеске себеп болған шулы хабарландыру бүгінде ВКонтакте желісінен алынып тасталған.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда