jasqazaq.kz

Атыраулықтар Ассамблея туралы не дейді?

21 тамыз 2017, 18:00

Татулықтың алтын бесігіне айналған Қазақстан Халқы Ассамблеясы бүгінде мемлекет өміріндегі өзекті мәселелер талқыланып, келелі шешімдер қабылданатын ашық сұхбат алаңына айналды. «Қазақстандық келісім формуласын» Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастап, әлемнің көптеген елдері үлкен қызығушылықпен зерттеу объектісіне айналдыруда. Осының өзі ынтымағы жарасқан елдің озатынын көрсетеді…

Эльдар АХМЕДОВ,

Атырау облысы «Новруз» этномәдени бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:

Біртұтас халыққа айналдық

1995 жылы ел Президентінің бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Дүние жүзінде баламасы жоқ бұл институт бүгінде еліміздегі қоғамдық тұрақтылық пен бірліктің кепілі болып отыр. Тіпті, күні бүгінге дейін әлемдік қауымдастық Қазақстандағы сүттей ұйыған тыныштыққа таңдана қарайды. Себебі, елімізді мекендейтін 130-дан астам ұлт ортаққа мүддеге біріккен біртұтас халыққа айналды.

Әзербайжан мәдени орталығы 2000 жылы құрылды. Осы уақытқа дейін көптеген игі істердің бастамашысына айналдық. Бір ғана мысал. Әзербайжан ұлтының мақтанышы Гейдар Алиевтің құрметіне елімізде арнайы жоба іске қосылды. Әзірбайжан Республикасының бас консулдығының қолдауымен іске қосылған жоба аясында, еліміздің өзге облыстарымен бірге, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бес студенті 500 доллар көлеміндегі бір жолғы сертификатты иеленді. Орталық жанынан жексенбілік мектеп ашылды. Мектеп әзербайжан тілін, мәдениетін үйренуге толық мүмкіндік береді.

Раиса БИТКОВА,

Атырау облысы «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің мүшесі:

Қоғамда иммунитет қалыптасты

Ұлтаралық татулық – біздің халқымыз үшін басты қоғамдық құндылыққа айналды. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі қоғамда экстремистік риторикаларды қабылдамауға, ұлттық мәселелердің саясиланбауына қарсы иммунитет қалыптастырды. Нәтижесінде бірлік пен келісім біздің егемендігіміздің басты негізіне айналды. Біз қазақстандықтар қашан да өзімізді біртұтас халық

ретінде сезініп келдік. Қазақ жерінде көптеген халықтар екінші рет туылды десек те болады. Нәтижесінде біздің ортақ құндылықтарымыз қалыптасты. Сондықтан, Қазақ елін мекен ететін барлық ұлт пен ұлыстар үшін Ассамблеяның алатын орны ерекше.

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда