jasqazaq.kz

Атыраулық Ассамблея өкілдері латын әліпбиіне көшу туралы ойларымен бөлісті

18 қыркүйек 2017, 15:31

Атыраулық Ассамблея өкілдері латын әліпбиіне көшу бастамасы туралы қандай пікірде? Бүгін Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткен кездесу жиында Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері осы сұраққа жауап іздеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынып жатқан бастама туралы ой бөліскен Н.Тілендиев атындағы Атырау облыстық Кіші өнер академиясының директоры, Қазақстан Халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі Долорес Таскарина латын әліпбине қатысты 8 диграфқа қатысты өз ұсынысы барын айтты.

«Әрине, Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұсынған жоба әлі де талқыланып барып, ортақ шешім қабылданады. Десек те, ұстаздар мен оқушыларға қиындық келтірмеуіміз керек. Өйткені, кирилицамен әліпбиді енді ғана жаттаған балаға әрі қарай латыншаны меңгеріп алып кету үшін, оған білім беретін ұстаздың өзі де сауатты болуы тиіс. Демек, қазақ тілінің табиғи ерекшелігін айқындайтын диграфтар үлгісі ұғынықты болуы керек» дейді Қазақстан Халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі Долорес Таскарина.

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда