
Атырау қаласында жүк тасымалдайтын ашық және жабық вагондар, цистерналар, хоппер вагондары мен контейнерлер тасымалдайтын платформалар шығаратын зауыт жұмысын бастады. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлағандай, «ТексолТранс» зауыты толық қуатқа көшкеннен кейін жылына 6 мың жүк вагонын шығарады. Өндіріс орнында 2700 жұмыс орны ашылады.
«ТексолТранс» жүк вагондарын шығару жобасы 2024 жылы Атырауда жүзеге асатын 17 инвестициялық жобалардың бірі. Зауыт Сарыөзек шағын ауданының аумағында орналасқан.
JQ-Aqparat
Сурет: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі