jasqazaq.kz

Атырауда «Таблиги Джамаат» мүшелері сотталды

29 маусым 2017, 14:16

Атыраудағы «Таблиги Джамаат» тыйым салынған экстремистік ұйымы ұяшығының мүшелері екі жылдан үш жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлады Атырау қаласы №2 сотының баспасөз қызметі бейсенбі күні.

«Процес барысында анықталғандай, сотталушылардың барлығы Үндістан, Пәкістан, Бангладеште орналасқан «Таблиги Джамаат» халықаралық экстремистік ұйымының оқу орталықтарында білім алған. Оқуын бітірген соң, сотталушылар тыйым салынған ұйымның идеяларын әуелі Алматыда, кейін 2016 жылдың соңында – Маңғыстау және Атырау облыстарында тарата бастаған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі. Ұсталған кезде олардың қолынан орыс және қырғыз тілінде жазылған тыйым салынған діни кітаптар алынған.

Сотта сотталушылар айыптарын жартылай мойындады, «қамауға алу» бұлтартпау шарасы өзгертілген жоқ. Сотталушылардың бәрі жұмыссыз, отбасы мен бала-шағалары бар.

«Сот үкімімен ұйымның ең белсенді мүшесі үш жылға бас бостандығынан айырылды, ал қалған бесеуі екі жылға сотталды. Сонымен қатар, олардың Қазақстан аумағында рұқсат етілген дінді уағыздау қызметімен айналысуына 2 жылдан үш жылға дейін тыйым салынды», — делінген хабарламада.

sputniknews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда