jasqazaq.kz

Атырауда салмағы 363 келі балық тәркіленді (видео)

11 тамыз 2017, 20:00


Түркістан қаласы мен Өзбекстан азаматтары заңсыз жолмен балық тасымалдау кезінде қолға түсті.
Атырау облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ресми өкілі Олег Тушкановтың хабарлауынша, салмағы 363 келі болатын ақ қайраң балығын тиеген көлік Атырау қаласының Контейнерная аумағында 10 тамызда ұсталған.
Рульде болған жүргізуші Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласының 1990 жылғы тумасы болып шықты. Өзін балық иесімін деп таныстырған келіншек Өзбекстан Республикасының азаматы. «Балықтарды жағалаудан шашылып жатқан жерінен тауып алдым. Текке шіріп кетеді ғой деп, өзіммен бірге алып келе жатырмын» деп ақталған ол бұған дейін де балықты кептіріп сатып, табыс тауып отырғанын айтты.
Анау-мынау емес, салмағы 363 келі болатын балықты нақты қай жерден «жинап» алғанын айтудан бас тартқан екеудің ісі қазір құқық қорғау органдарына берілді. Бір қызығы, жедел түсірілім кезіндегі бейнежазбада балықтың ұзақ жатып қалған емес, жаңадан ауланғандығы көрініп тұр. Мұны тексеру жүргізген инспекторлар растап отыр.
Балық ресурсына келтірілген шығын 617 мың теңгені құрады. Сот шешімі шыққанға дейін тәркіленген балық «Надежда» ЖШС базасында сақталмақ.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда