Атырауда жаңа оқу жылынан бастап, 9 мектеп оқушыларды үш ауысымда оқытуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Үш ауысымды оқытуға көшудің басты себебі — оқушылардың мектептерде шектен тыс көптігімен байланысты болып отыр. Ол сондай-ақ демграфиялық және және миграциялық үдерістерге де байланысты. Биыл жаңа оқу жылында 112 мың бала мектепке барды. Олардың 15 мыңы бірінші сынып оқушылары. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 4 мыңға көп. Мектептер бірінші сыныптарды 5-тен 7-ге дейінгі аралықта құруға мәжбүр»,-деді облыстық білім басқармасының жетекшісі Нұрсәуле Сайлауова. Оқушылар кейбір сыныптарда 40-қа дейін жетеді. Осыған байланысты кең етіп салынған жаңа мектептерде сыныптарды дәлізде орналастыруға күш салуда.