Атыраулық тұрғын Оралда Toyota Land Cruiser 100 көлігін суға батырып алды. Автомобиль көлік жолы мен теміржол көпірінің ортасындағы өзенге батып кеткен, деп хабарлайды Today.kz mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.
«Toyota Land Cruiser 100 көлігінің өзенге батып кеткені туралы хабар 31 наурыз күні таңда келіп түсті. Көлік жүргізушісінің өзі 112-ге қоңырау шалып, көлікті шығарып алуға көмектесуін сұрады», – дейді кезекші құтқарушы Нұрқуат Қарақұлов.
Көлік жүргізуші жұмыс істеген компанияға тиесілі болған.
Ол өзен жағасына теміртұлпарды жөндеу үшін келгенін жеткізді.
«Жүргізуші багаждан құралдарды алуға барғанда көлікті қол тежегішіне қоюді ұмытып кеткені есіне түскен. Ол кезде көлік өзен жағасына келген», – дейді Қарақұлов.
Құтқарушылардың айтуынша, Land Cruiser жағадан 15 шақырымға ұзап, 6 метр тереңдікке батып кеткен.