jasqazaq.kz

Атырауда 79 ұрпақ таратқан отбасы марапатталды

27 мамыр 2017, 16:41

Атырауда 79 ұрпақ таратқан отбасы марапатталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

14 ұл өсіріп, 51 немере, 14 шөбере сүйіп отырған атыраулық Жұмағазиевтер жанұясы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық деңгейінде жеңімпаз атанды. Елу жылға жуық ғұмырын білім беру саласына арнаған отағасы Закария Жұмағазиев «Ерен еңбегі үшін», «Аға мұғалім» секілді бірнеше ордендермен иегері. Жұбайы Тотанмен 5 ұл, 9 қыз тәрбиелеп, 51 немереден он төрт шөбере сүйген бақытты отбасы. Бүгінде Исатай ауданында тұрады. Мерейлі жанұяның 10 баласы мен 3 немересі де ата жолын қуып, ұстаздық мамандығын таңдапты.

Облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының келесі жеңімпазы Жылыой ауданынан қатысқан Асабаевтар отбасы да 11 перзенттен 41 немере, 26 шөбере сүйіп отырған жайы бар. Отағасы Кісенбай Асабаев бүгінде сексен екіде. Екі мәрте «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған. Өмір жолын ауыл шаруашылығына арнаған отағасы Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісінің иегері. Бүгінде ата жолын немерелері жалғастыруда. Салтанатты жиында сөз алған Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев аталмыш байқаудың биыл төртінші мәрте ұйымдастырылып отырғандығын атады. «Қазақ халқында «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», — деген бар. Жан-жағына үлгі болып отырған, мерейлі отбасылардың қоғамды тәрбиелеуде маңызы ерекше, — деп атап өтті Нәутиев. Кеш барысында байқаудың аталған қос жеңімпазына Қостанай қаласындағы шипажайға жолдама берілді. Жеңімпаздар енді қыркүйек айында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының республикалық кезеңінде бақ сынайтын болады. Ал «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі екінші орын Атырау қаласынан Ажгалиевтер отбасы мен Махамбет ауданынан қатысқан Қуанышевтар отбасына бұйырды. Жылыой ауданынан қатысқан Шарғабаевтар отбасы, Қызылқоға ауданынан қатысқан Имашевтар отбасы, Мақат ауданынан қатысқан Уразалиевтер отбасы үшінші орынмен марапатталып, облыс әкімінің алғыс хаты мен сыйлығына ие болды.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда