Атырауда 20 мың теңгелік купюраны қолдан жасау дерегі анықталды. 20 мамырда қала дүкендерінің бірінде бір жігіт алған заттары үшін жалған ақша берген.
Бұл ең ірі номиналдағы банкнотты қолдан жасаудың алғашқы оқиғасы екенін айта кетейік. «Зардап шеккен дүкен сатушысы сол күні дүкеніне ер адам келіп, екі шөлмек сусын алғанын, сусын үшін 20 мың теңге беріп, 19 мың теңгеден астам ақашаны алып кеткенін айтады», — дейді баспасөз қызметінің өкілдері. Ал сатып алушы кетіп қалғаннан кейін сатушы ақшаның жалған екенін көрген. Әйелдің сипаттап беруі бойынша полиция күдіктіні іздеген. Іздеу шаралары кезінде 1995 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны ұсталды. «Күдіктінің айтуынша, бұл купюраны ол сувенир ретінде әмиянында сақтап жүріп, қателесіп беріп жіберген», — деп нақтылады ІІД өкілдері. Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.