jasqazaq.kz

Атырау облысында жоғалып кеткен екі бала үйінен 150 шақырым жерде табылды

29 қыркүйек 2017, 10:39

Атырау облысында жоғалған екі бала үйінен 150 шақырым жерде табылды, куәгерлердің айтуынша, оларды бір әйел таксиге отырғызып, алып кеткен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір прокуроры Ернат Сыбанқұловқа сілтеме жасап.

Прокурордың айтуынша, балалардың жоғалғаны туралы хабар Мақат аудандық ішкі істер бөліміне 28 қыркүйекте сағат 20.30-да түскен. Полицейлер 4 жасар қыз бен 5 жасар баланы іздеуге кіріскен. «Дабыл бойынша аудан полициясының барлық жеке құрамы іздеуге кірісті, кейінірек көрші аудандардың полицейлері кірісті, прокуратура органдарының координациясымен балаларды іздеуге бұған бей-жай қарай алмаған тұрғындар да атсалысты», — деді Сыбанқұлов.

Ол 22.00-де балаларды «Телемұнара» жақтан көргендер болғаны жайлы бірінші хабар түскенін хабарлады. Куәгер кәмелетке толмаған балаларға өзімен бірге жүруін сұраған, алайда балалар қашып кеткен. Шамамен сағат 22.20-да балаларды бөтен әйелдің таксиге отырғызып, алып кеткені жайлы хабар түскен, бұл ауданның тұрғындары осы маңда өз-өзіне есеп бермейтін бір әйелді көргенін айтқан. Ал түнгі 4.00-де балалар Жылыой ауданындағы Құлсары қаласынан табылыпты.

«Ең бастысы балалардың денсаулығына зиян келмеген, олар тоңып қалған, аш болған. Оларға ата-аналары тез арада жеткен. Болжам бойынша, оларды белгісіз әйел алып кеткен, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде, ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы (Адам ұрлау) бойынша соталды өндіріс басталды.

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті