jasqazaq.kz

Атырау облысында екі ауданда жаға бекіту жұмыстары аяқталуға жақын   

14 сәуiр 2024, 21:22

                                                              Махамбет ауданында қазір тасқынға қарсы шаралар тәулік бойы жүріп жатыр. Махамбет ауданы әкімдігінің мәліметінше, аудан аумағындағы елдімекендердің судан қорғану бөгеттерінің барлық ұзындығы — 80 шақырым.
Атырау облысы ТЖ бойынша жедел штабы хабарлағандай, қазіргі уақытта  ұзындығы 64 шақырым дамбының 54 шақырымы нығайтылды. Қалған бөлігін жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Махамбет ауданы  бойынша сонымен бірге, 19,3 шақырым болатын жаңа бөгет соғу жоспарланды. Қазіргі таңда аталған бөгеттің  15,2 шақырымы соғылды.

Жаға бекіту жұмыстарына Махамбет ауданы бойынша,  мекемелердің 250 қызметкері, 3500 ерікті, 331 әскери және 226 техника жұмылдырылды.
Тасқынға қарсы іс-шаралар Индер ауданында да тәулік бойы жалғасып жатыр. 14 сәуір күнгі жағдай бойынша,  жаға бекіту мақсатында ұзындығы 21,5 км бөгеттер салынды.
Жағаны бекіту жұмыстарына арнайы 84 техника, 480 мекеме қызметкерлері мен ауыл азаматтары және 350 әскер жұмылдыруда.
Айта кету керек, Индер ауданы бойынша негізінен қауіпті аймаққа Жарсуат және Құрылыс елді-мекендері кіреді. Қорғаныс бөгеттерінің 10 500 метрі осы аумақта орналасқан.
Сонымен қатар, суға кету ықтималдығы бар Индербор кенті, Елтай, Есбол, Көктоғай, Бөдене, Өрлік және Ынтымақ ауылдарының бөгеттері де көтеріліп жатыр.

JQ-Aqparat

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?