jasqazaq.kz

Атырау облысы ҚХА жанындағы Жастар қанатының отырысы

29 шiлде 2017, 11:10

Ағымдағы жылдың Достық үйінің ғылыми сараптамалық бөлімі кабинетінде Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар қанатының төрағасы А.Котовтың қатысуымен Қарағанды облысы Жезқазған қаласында «Жастар ортасындағы этносаралық қатынастар мәдениеті» тақырыбындағы жазғы мектеп жұмысына барып келген Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар қанатының мүшесі С.А.Кохов пен Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы А.Апуовтың қысқаша баяндамалары оқылды.

Жазғы мектеп жұмысының ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Дархан Қамзабекұлы Мыңбай қатысқан.

Жазғы мектептің өткізілу мақсаты — Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында, сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV Сессиясы жұмысы қорытындысы бойынша белгіленген міндеттер мен қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру технологиялары бойынша жастардың кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру болып табылады.

Жазғы мектептің 6 күндік жұмыс барысында ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының өкілдері, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессор-оқытушылары, кәсіби тренерлер дәрістер жүргізді.

Жазғы мектеп жұмысы барысында қатысушылармен оқу бағдарламасынан тысқары, Елбасының «Болащаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында белгіленген «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасы аясында Ұлытау өңіріндегі тарихи-мәдени және рухани жәдігерлермен де танысып, саяхат жасадық.

Ұлытау жері тарихи ескерткіштерге толы. Әрбір тасы мен самал желі де тарих тұңғиығынан сыр шертіп тұрғандай. Қазақ даласында хан сайлау дәстүрі Ұлытаудан басталған.

Ұлытау баурайында қазақтың 36 ханы ақ киізге отырғызылып, сайланған. Хан ордасы — Ұлытау өңіріндегі жаздық хан ордасы. Бұл ордада қазақтың бірнеше ханы тақта отырған. Соның бірі Әбілқайыр хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бастаған игі жақсылар Абылайды осы ордада ақ киізге көтеріп, хан сайлаған. Осы жерден өмірін Жерұйықты іздеумен өткізген дала философы Асан Қайғы жерленген. Оқу бағдарламасын қорытындылау күнінде қатысушылар өздерінің әлеуметтік бағытта дайындаған жоба жұмыстарын қорғады деп баяндады барып келген жастарымыз С.А.Кохов пен А.Апуов.

Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда