jasqazaq.kz

Атбасарда «Таза Қазақстан» акциясы әлі де жалғасады

22 мамыр 2024, 19:02

«Таза Қазақстан» акциясы атбасарлықтардың тарапынан зор қолдау тапты.
Екі мыңнан астам адам — қала және аудан тұрғындары,  барлық ұйымдар мен кәсіпорындар қызметкерлері — Атбасардағы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына бір кісідей атсалысады.
Бүгін орталық алаңда Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов бастаған акцияға қатысушылардың шеруі өтті.
«Елімізде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен 2024 жылғы 6 сәуірден бастап 11 мамыр аралығында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті. Бұл акция әлі де жалғасын табуда», —  деп атап өтті ол.

Ауқымды экологиялық акция бес аптаға созылды, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған. 13 сәуірге дейін өткізілген «Таза өлке» атты бірінші аптада — іргелес аумақтар мен аулалар тазаланды. «Киелі мекен» деп аталатын 20 сәуірге дейінгі апта — тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстарына арналды. 27 сәуірге дейін «Жасыл аймақ» тақырыбындағы апта ағаш көшеттерін отырғызумен және екпелерді ақтаумен атап өтілді. Атбасар ауданында барлығы 1613 көшет отырғызылды. 4 мамырға дейін өткізілген «Өнегелі ұрпақ» кезеңі — ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналған. Соңғы, бесінші аптада «Мөлдір бұлақ» деген атаумен су айдындарын (өзендер мен көлдер) және жағалау аумақтарын тазарту жұмыстары жүргізілді.
Аталған экологиялық акцияға Атбасар ауданының тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері белсенді қатысты. Аудан бойынша барлығы 365 тонна қоқыс пен қалдықтар шығарылды.
«Атбасардың барлық тұрғындарын «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қосылуға шақырамын. Бірігіп, қаламызды тазартайық!» — деді аудан басшысы.


Акция аясында абаттандыру үшін орындар анықталды — бұл жағажай, Есенберлин, Әуезов, Ағыбай батыр және тағы басқа көшелер. Қаланың орталық алаңында канадалық және сәндік бұталардың раушан көшеттері отырғызылды.
Акцияға Атбасар электровоз жөндеу зауытының, «Атбасар су» коммуналдық кәсіпорнының, «Аждар и К» вагон жөндеу кәсіпорнының, Атбасар ауданының мемлекеттік мекемелерінің, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің, коммуналдық қызметтердің және ауданның қала және ауыл тұрғындарының өкілдері қатысты.
Сондай-ақ Атбасар аграрлық-индустриялық колледжінің ұжымы мен студенттері, «Жастар ресурстық орталығының» белсенділері, еріктілер акцияға зор ынтамен атсалысты.

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?