jasqazaq.kz

Атамбаев қырғыз қыздарына қысқа юбкамен жүруге рұқсат берді

21 шiлде 2017, 15:31

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев халықты дәстүрлі ислам жолымен жүруге шақырды. Ол қыздардың хиджаб кигенінен гөрі қысқа белдемшемен жүргенін дұрыс деп айтқан.

Бұл туралы zanoza.kg сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

«Біздің өз дәстүріміз бар екенін ұмытпау керек. Біздің аналарымыз басына қапшық киіп жүрген жоқ, олар әрдайым патшайым секілді жүретін», — деген Атамбаев халқына өзге ағым жетегінде кетпеу керектігін қатаң ескертті.

«Арабтың, Пәкістанның немесе Бангладештің мәдениетін қырғыз мәдениетімен шатастыруға болмайды. Бұл исламдану емес. Бұл өзге мәдениетті, өзге киімді таңу. Біздің өз киіміміз бар. Біздер тек қысқа юбкамен жүруге дағдыланып бара жатырмыз деген «данышпандар» да табылды. Қысқа юбка кие берсін. Әйелдер кеңес заманынан бері қысқа киеді. Сол қысқа юбкаға жарылғыш белбеуді тығып жүре алмайды ешкім. Бастарыңа керзі етік кисеңдер де, ешкімді жарып жібермеңдерші», — деді Атамбаев.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда